21.04.2016, 10:31
Қараулар: 24
Тіркеу тәртібінің де талабы қатты

Тіркеу тәртібінің де талабы қатты

д-144Азаматтардың арыздары мен хабарламаларын тіркеп, есепке алу – үлкен маңызы бар мәселе. Құқық қорғау органдарында қылмыстар жөнінде хабарламаларды қабылдау, тіркеу кезінде заңдылықты күшейтуге бағытталған шаралардың алынуына қарамастан, кейде қылмыстарды жасыруға тырысушылық байқалады. Нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын құқық қорғау органдарына халықтың сенімі кетеді әрі құқығы бұзылып, туыстарының өмірі мен денсаулықтарына, жинаған мүліктерінің сақталуына мазасызданулары артады. Прокуратура органдары осы жайларды болдырмау жолында жұмыстанып та келеді. Олардың негізге алатын құжаты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы нұсқаулық (№89. 19 қыркүйек, 2014 жыл).

Айта кетелік, қылмыстық қудалау органынан өтінішті тіркеу кезінде арызданушыға бірегей нөмір мен талон беріледі. Бұл талон құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сайтынан өтініштің қаралу тәртібін және нәтижелерін көруге мүмкіншілік береді. Интернет ресурс http//service.pravstat.kz, телефон нөмірлері: 1012 (sms-сервисі), 1414 немесе 8-800-080-7777 нөмірлеріне тегін телефон соғып, өтінішті қарау барысы және нәтижелері туралы ақпаратты арнайы call-центр арқылы да алуға болады. Сонымен қатар аталған электрондық мекенжай немесе телефон арқылы қоңырау шалып, қылмыстық қудалау органы қызметіне баға беруге болады.

Жазаланушылық әрекеттің белгілері бар, жасырылған немесе қылмыстар жөніндегі арыздарды және хабарларды қабылдаушының тіркеу кітабына тіркемеуі, арызды тіркеуден жасырған болып есептелінеді. Аудан прокуратурасы құқықтық статистика басқармасымен бірлесіп, ай сайын АІІб-де есеп-тіркеу тәртібін тексереді. Анықталған деректер бойынша қылмыстарды есептен жасырған лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар алынады. Лауазымды адамдар тарапынан тиісті шаралар қолданбай, қылмыстар жөнінде хабарларды тіркемей немесе заңды бұзған жағдайда, сіз Бөкей ордасы ауданы прокуратурасына 21-2-68, 21-8-49 байланыс телефондарына хабарласуға құқылысыз.