21.04.2016, 10:27
Қараулар: 242
Жемқорлыққа жол бермейік!

Жемқорлыққа жол бермейік!

Жыл сайынғы Жолдауларында Президентіміз басты бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше назар аударып келеді. Осы ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру жұмыстары БАҚ-тарда, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдарда кеңінен қамтылуда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті аясында онымен күрес жүргізуге міндетті. Осыған байланысты жемқорлықты болдырмау, алдын алу, анықтау, жолын кесуге бағытталған кешенді жұмыстар өткізілуде. Сыбайлас жемқорлық туралы заңның талаптары қолданысқа енгелі пара беріп немесе жемқорлықпен ұсталып, қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде хабарламалар жариялануда. Лауазымды қызметкерлердің тарапынан құқықбұзушылық фактілерімен таныс болсаңыздар сіз де БҚО ІІД-не сенім телефондары арқылы (92-10-12, 98-45-68, 98-42-77, 50-78-96, 98-42-75) болған жайды мәлімдеуіңізге болады. Жемқорлыққа жол бермейік!

Бағдат ДӘУЛЕТОВ,

аудандық ішкі істер бөлімінің кадр

жөніндегі аға инспекторы,

 полиция аға лейтенанты.