25.02.2016, 10:27
Қараулар: 1293
Телефон алаяқтарынан абайлаңыз!

Телефон алаяқтарынан абайлаңыз!

telТелефон соғу арқылы алаяқтық жасау соңғы кезде жиі көрініс беруде. Күтпеген уақытта телефоныңызға хабарлама келеді немесе біреу телефон соғып, жүлде иесі болғаныңызды айтады. Белгісіз нөмірдің иесі шұғыл түрде теңгерімін толтыруды сұрайды. Сізге берер кеңесіміз – мұндай нәрселерге сенбеңіз.

Егер біреу белгісіз нөмірден хабарлама жіберіп, тез арада осы телефонға ақша салуды өтінсе, сол нөмірге телефон шалып, хабарлама жіберуші Сіздің досыңыз екеніне көз жеткізіңіз. Көбіне мұндай әрекеттер қысқа нөмірлермен байланысты. Тұрғындарға ақылы қызметтер ұсыну үшін ондай нөмірлерді байланыс жүйелері операторларынан әдейі сатып алады.

Қысқа нөмірлерге абоненттік қызмет төлеу керек болған соң, қызметтер бірнеше рет қымбат төленеді. Қарапайым байланыс нөмірлері де ақылы болуы мүмкін, бірақ, ондай сирек кездеседі. Сол себептен, ешқашан қысқа нөмірлерге телефон соқпаңыз. Болған жағдайда, Сіздің теңгеріміңіз «минус» болып, телефон соғу, хабарлама жазу және интернет пайдалану үшін бүкіл соманы операторға төлеп, қостыру қажет болады.

Мұндай әрекеттер ұтыстарға да қатысты. Сізді бір компанияның акциясының жеңімпазы деп қуантса, біреудің телефонына ақша салуға асықпай, шынымен ондай компания бар-жоғын тексеріңіз. Телефон соққан нөмірді ресми сайттан немесе анықтамалармен салыстырыңыз. Компанияның нөмірін біліп, сондай акция жүргізілгені жөнінде өздерінен сұраңыз.

Аудандық прокуратура азаматтарға ерекше сақтық танытуды және алаяқтардың құрған қақпанына түсіп қалмауды ескертеді. Егер дәл осыған ұқсас қоңыраулар шалынып жатса, аудандық прокуратураның 21-2-68 телефонына дереу хабарласу керек.

Р.ШАКИРЖАНОВ,

аудандық прокуратураның

аға прокуроры.