5.01.2016, 11:32
Қараулар: 212
Жасөспірімдер жеңісі

Жасөспірімдер жеңісі

Жуырда көршілес Ресейдің Астрахан облысы Красный Яр (Қызыл Жар) ауылында өткен ашық турнирде Волгоград, Астрахан, Ахтуба, Қалмақия мен өзіміздің Ақтөбе облысынан —  барлығы 120-ға тарта палуан бақ сынады. Осынау спорт додасына қатысқан 9 спортшымыздың үшеуі жеңімпаздар қатарынан табылды. Нақтырақ айтсақ, ордалық Жексен Жұмағалиев (бапкері Г.Бердіғалиев) жүлделі ІІ орынға қол жеткізсе, сайқындық Ернұр Ержан мен Фархат Сердіғалиұлы (бапкері Н.Ғазезов) ІІІ орыннан көрінді.

Н.САРИЕВ,

 аудандық БЖСМ директорының орынбасары.