5.01.2016, 11:31
Қараулар: 216
Салауаттылық салтқа айналса игі

Салауаттылық салтқа айналса игі

Орал қаласында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан БҚО әкімінің кубогы үшін облыстық, қалалық, аудандық әкімдік қызметкерлері арасында өткен жарыста біздің команда 14 үміткерлердің арасынан 5-орыннан көрінсе, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев «Үздік байланыстырушы» атанып, облыс әкімінің Дипломы және ақшалай сыйлығымен марапатталады.

* * *

Ауданымызда дойбы, шахмат, үстел теннисінен өткен спорттық жарыстың ашылу салтанатында да аудан әкімі Н.Рахымжанов құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Дойбышылар арасында ойының ұшқырлығымен қарсыластарынан алда болған спорт мектебінің қызметкері М.Ғаббасов І орынды қанжығасына байласа, ІІ орын оның әріптесі Т.Ғиылмановқа, ІІІ орын М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің қызметкері М.Ғазезовке тиді. Ал, нәзікжандылар арасында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Г.Шәкірова І орынды иеленсе, ІІ мен ІІІ орындарды аудандық демалыс орталығының қызметкерлері К.Еляева мен Г.Хасенова өзара бөлісті. Үстел теннисінен ерлер арасында спорт мектебінің қызметкері Т.Ғиылманов қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінсе, спорт мектебінің бапкері Н.Ғазезов ІІ, Бөкей Ордасы колледжінің мұғалімі Д.Қажымов ІІІ орынды иеленді. Шахмат ойынында зейнеткер ата-ағаларымыз Е.Кенжеғалиев І, К.Сүндетов ІІ, Н.Наурызов ІІІ орынды жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздарымен қатар демалыс күндеріне қарамай, осынау шараға белсенді атсалысқан азаматтар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.

М.ҒИЫЛМАНОВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.