18.12.2015, 10:18
Қараулар: 345
«Дағдарыстардың бәрі өткінші…»

«Дағдарыстардың бәрі өткінші…»

н-59 «Адами капитал» тілімізге соңғы жылдарда енген сөз тіркесі. Оны әркім әрқалай түсінеді. Тіпті бұл сөзді қолдануға қарсы жандар да бар. Жалпақ тілмен айтқанда, негізгі мағынасы бесаспап, өтімді адам. Оның қолынан келмейтін жұмыс жоқ. Өз ісінің нағыз шебері әрі сауатты. Ал, ондай тұлғаның қалыптасуы білім мен тәрбиеге байланысты. Тәрбие тірегі ата-ана болса, білім негізін қалыптастыратын – мектеп. Мұғалім шәкіртін сауаттандырумен қатар, тәлім-тәрбие де береді, шығармашылыққа баулиды. Уақытының көбін оқушылармен өткізетін ұстаздар да бар. Өйткені оның мақсаты жасөспірімнің зердесін ашып, қияларға қанат қақтыру.

«Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі», − деді Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Яғни, мұғалім еңбегі Ұлт Көшбасшысы нұсқаған жолмен сарындас. Сондықтан да шығар, елімізде білім саласына деген қамқорлық ешуақытта кеміген емес. Президент тапсырмасымен ұстаздар секілді әлеуметтік маңызды мамандардың тұрғын үй мәселесін шешу бағдарламалары да жүзеге асуда. Әрі биылғы Жолдауда 2016 жылдың қаңтарынан мұғалімдер жалақысы 29 пайызға көбейетіні айтылған.

Ендеше Елбасымыздың көреген саясатын көп болып қолдап, жарқын болашаққа батыл бетбұрыс жасауымыз керек. Осылайша бағдардан айнымай, Мәңгілік Ел болуға бірлесе ұмтылыуымыз қажет.

Бибігүл БЕКТЕЛЕУОВА,

М.Мәметова атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.