18.12.2015, 10:14
Қараулар: 328
Келешекті болжаған жол

Келешекті болжаған жол

Келешекті болжаған кемел жолдауЕлбасымыздың Қазақстан халқына биылғы Жолдауын бұқараға кеңінен насихаттау ісіне аудан кітапханашылары  кірісіп те кетті.

Жақында аудандық кітапхананың оқу залында аудандық және балалар кітапханасының қызметкерлері «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жалғас Әшенов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы Кенжебек Қадырұлы, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының заңгер-кеңесшісі Гүлжаз Баделовалардың қатысымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Шараны аудандық кітапхананың кітапханашысы Гүлмира Ғайсина ашып, жүргізіп отырды. Шақырулы қонақтар салаларына қатысты Жолдаудың әр тарауларын талдап түсіндірсе, өзгелер де ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

Сондай-ақ, жиналғандарға «Кемеңгер Елбасы – ырысы елінің» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Айнагүл ТӨЛЕУОВА,

аудандық кітапхананың библиографы.