7.12.2015, 11:14
Қараулар: 248
Қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық акциясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай Орал қаласында ұйымдастырылған «Қайырымдылық керуені» акциясына облыс аудандары белсене қатысты. Біздің ауданға кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы бөлінген-ді. 3-17 жасқа дейінгі 22 бала орналасқан бұл мекемеге аудандық білім беру әрі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен кәсіпкер Б.Жұмағұлованың демеушілігі арқасында аудан жұртшылығы атынан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әжіғалиев, Орда, Саралжын ауылдық округтері әкімдері М.Аққалиев, Н.Сабыров барып, балаларға ойыншықтар, кеңсе тауарларын және тұрмыстық техника табыс етті. Сонымен қатар бөбектер тарапынан концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, олардың жерлестерімізге өз қолдарымен жасаған сыйлықтары ұсынылды.

Сол күні қоғамдық келісім кеңестерінің облыстық форумы өтіп, онда ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар талқыланды, келер жылға тапсырмалар берілді. Ауданымызда істелген жұмыстар бойынша стенді де ұйымдастырылды. Форум соңында Ассамблея жұмысына белсене атсалысқандар марапатталып, Орда ауылдық округінің әкімі М.Аққалиев облыс әкімі Н.Ноғаевтың «Алғыс хатына» ие болды.

А.ҒАЙНОЛЛАҰЛЫ.