17.11.2015, 11:12
Қараулар: 150
Ардагерлер конференциясы

Ардагерлер конференциясы

г-102-Бұл күндері ел аумағында ардагерлер ұйымдарының есеп беру-сайлау науқаны жүріп жатыр. 12 қараша күні аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында ардагерлер ұйымының аудандық конференциясы оздырылды. Оның жұмысына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Мұхамбетов, аудан әкімі Н.Рахымжанов, орынбасарлары Л.Қайырғалиева, Р.Зұлқашев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, ауыл әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және конференция делегаттары қатысты.

Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатов ашып, жүргізіп отырды. Жұмыс регламенті және күн тәртібі бекітілді. Жиынға қатысушылар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының есепті баяндамасы мен мандат және тексеру комиссияларының төрағалары Ж.Сұлтанғалиев пен К.Жахатовтың хабарламаларын тыңдады. Ұйымдастыру жұмысы қаралып, аудандық ардагерлер кеңесінің мандат, тексеру комиссияларының жаңа құрамы сайланды.

Конференция соңында ұйымдастыру пленумы өтті. Аудан әкімі Н.Рахымжанов жүргізген пленумның күн тәртібіне екі мәселе ұсынылды. Оның бірі ардагерлер алқасының құрамын, екіншісі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау. Дауыс беру нәтижесінде мүшелігінде 9 адамы бар ардагерлер кеңесінің алқа құрамы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып С.Таңатов қайта сайланды. Сондай-ақ, ол ардагерлердің облыстық конференциясына да делегат болып сайланды. Конференция жұмысы тиісті қаулы қабылдаумен аяқталды.

(Конференцияның толық есебін газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар).

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар