11.10.2015, 22:19
Қараулар: 227
Келелі кеңес

Келелі кеңес

Іссапармен ауданымызға келген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрбол Исламов пен осы департаменттің ұйымдастыру-талдау бөлімі басшысы Сержан Жаманғұлов аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында бірқатар мекеме, бөлім басшыларымен кездесті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ашып, жүргізіп отырды.

Қонақтар алдымен облыстық ақпараттық топ мүшелері ретінде Елбасымыздың «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам «Ұлт жоспары» төңірегінде түсінік берсе, кейін өз салаларына ойысып, нарықтағы нырық жөнінде әңгіме қозғады. Ауданның кәсіпкерлік бөлімі басшысы Ерлан Нүркеновтың, «Батысэнергоресурсы» ЖШС-і аудандық филиалының инспекторы Жалғас Қазмадияровтың, тағы басқалардың сұрақтарына жауап берді. Жиналғандарды болып жатқан жайларға, тосын оқиғаларға байыппен қарап, уақытша қиыншылықтарды сабырлықпен жеңе білуге, нарықтық экономиканы ыждағаттылықпен меңгеруге шақырды.

Өз тілшімізден.