30.06.2015, 6:26
Қараулар: 470
Журналистерді құттықтады

Журналистерді құттықтады

IMG_2591


Батыс Қазақстан облыстық сотында Журналистер күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.


Судьялар мен сот қызметкерлерінің және  өңірдегі сот жүйесімен ұдайы байланыстағы 20-ға тарта БАҚ өкілдерінің  қатысуымен өткен жиынды ашып, сөз алған  Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев журналистерді төл мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік жиында облыстық соттың БАҚ-пен жұмысты үйлестірушісі, облыстық соттың судьясы Есенбай Боранбаев сөз алып, бүгінде халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналып, «төртінші билік» мәртебесіне ие болған бұқаралық ақпарат құралдарының  маңызына  тоқталды.

Соттағы мерекелік шараға қатысқан журналистерге гүл шоқтары мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

* * *

Байланыс және БАҚ қызметкерлері күніне орай  облыстық ішкі істер департаментінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін салтанатты құттықтау рәсімі болып өтті. Шараға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары және республикалық басылымдардың меншікті тілшілері  шақырылды.

БҚО ІІД бастығының және ішкі істер органдары жеке құрамының атынан ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Б.Өтеулин БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қауіпсіздікті сақтау жолында өзара ынтымақтастықта қызмет еткендері үшін алғыс білдіріп, «Ақпарат айдынында қасиетті қаламыңыз ұштала берсін!» деген ізгі лебізін айта келе, осы жұмыста ерекше белсенділік танытқан тілшілерге алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Өз тілшіміз


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар