25.06.2015, 7:28
Қараулар: 304
Ардагер журналистерге ІЛТИПАТ

Ардагер журналистерге ІЛТИПАТ

DMS_7091


Кеше «Жайық Пресс» медиахолдингінде кәсіби мереке қарсаңында ардагер журналистер бас қосты.  Кезінде баспасөз саласына үлес қосқан қарымды қаламгерлерді емен-жарқын көңілмен қарсы алған аталмыш медиахолдинг директоры Жантас Сафуллин  ардагер журналистерге ақ тілегін арнады.


– Халық пен биліктің арасында алтын көпір  болып, сіздер салып берген жолды біз де жалғастырып келеміз. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы. Бүгінгі күнге дейін сіз бен біздің  жеткен жетістігіміз – бірлік пен ынтымақтың арқасы. Мереке қарсаңында сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді өз сөзінде «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Набиоллаұлы.

Қиын да қызық еңбек жылдарын еске алған қариялар  қос газеттің әр нөмірін  қарап, талдау жасап, жас журналистердің талабы мен ұмтылысына оң баға беріп отыратындықтарын айтты. Бір-бірін көріп, мәре-сәре болған қаламгерлер  өздеріне арнайы дайындаған дастарқаннан дәм татып, жылы лебіздері мен көкейдегі ойларын ортаға салды.  Әрқашан үлкенге ізет көрсетуді басты назарда ұстайтын «Жайық Пресс» медиахолдингі ұжымы ардагер журналистерге  сый-сияпат жасап, құрмет-қошемет көрсетті.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар