18.06.2015, 8:20
Қараулар: 18
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

1


Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Бауыржан Жанпейісұлы Талдықбаев  Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.


2015 жылғы 17 маусымда өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарма-сының бұрынғы басшысы Рыспай Өтешевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Бауыржан Жанпейісұлы Талдықбаев 1979 жылы туған, білімі жоғары, 2000 жылы Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер мамандығы  бойынша   бітірген.

2001-2002 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаларды талдау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласында.

2002-2003 жылдары ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі бақылау және әкімшілендіру басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарды, Астана қаласы.

2003-2009 жылдары «GRAND STROY LTD» ЖШС-ның бас директоры, Астана қаласы.

2009 жылы «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Өскемен қаласы.

2010-2012 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті экономикалық жобалар мен инвестициялар басқармасының бастығы, Астана қаласы.

2013 жылдың наурыз-сәуір айларында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік материалдық резерв комитеті «Резерв» РМК бас директорының орынбасары, Астана қаласы.

2013-2015 жылдары ҚР Энергетика министрлігі ШЖҚ «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық талдау орталығы» РМК бас директоры қызметін атқарды, Астана қаласы.

2015 жылдың 17 маусымынан Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы.

– Бауыржан Жанпейісұлы әр түрлі лауазымдарды атқарған, білім-білігі де, тәжірибесі де осы тағайындалған қызметін атқаруға жетеді. Өздеріңізбен бірге басқарманың алдындағы міндеттерді ойдағыдай  орындайды деп сенемін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Бауыржан Талдықбаев облыс басшысына жауапты қызметке тағайындап, сенім білдіргені үшін рақмет айтып,  сенім  үдесінен  шығатынына  сендірді.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар