18.06.2015, 7:43
Қараулар: 27
«Достық» саябағы ашылды

«Достық» саябағы ашылды

IMG_7869


Қазталов ауданының орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай «Достық» саябағы ашылды.


Саябақтың ашылу салтанатына жиналған  жұртшылық алдында  сөйлеген аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және облыстық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Мұратжан Жолбаев: «Мына саябақта күн сәулесінің нұрына бөленіп тұрған шаңырақ еліміздегі  ырыс-ынтымақ пен береке-бірліктің үлгісіндей болып тұрсын.  Халқымыз Отанымыздың тәуелсіздігін жасампаз еңбегімен нығайтып, барша қазақстандық бейбіт аспан аясында бақытты ғұмыр кеше берсін!» – деген бағыттағы тілектерін жеткізді.

«Достық» саябағында  көтерілген шаңырақтың биіктігі – 4,5 метр. Айналасына  жасыл желек егілген және жарықтандырылған саябақ аудан орталығына  ерекше ажар беріп тұр.

Салтанатты шарада облыста өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға қатысатын  спортшыларға аудан әкімі эстафета жалауын табыстады. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Гүлфия КӨШБАЕВА,

Қазталов ауданы