16.06.2015, 7:02
Қараулар: 18
Студенттер ШЫҚТЫ ШАЛҒЫНҒА

Студенттер ШЫҚТЫ ШАЛҒЫНҒА

IMG_7021


Ақжайық агротехколледжінің «Жігерлі жастар» механикаландырылған жасағы «жасыл ораққа» кірісті.


Өткен жылдардағыдай Қабыршақты ауылдық округіндегі «Шымқұдық» шалғынында студенттер білімдерін істе шыңдайды, еңбекке төселе түседі. Науқан бойына шабындық төсінде 22 жігіт ауысым бойынша машықтанудан өтеді. Содан кейін олар дипломдарын алып, үлкен өмірге қадам басады.

Жасақ қажетті техникамен толық қамтылған. Дала қосында да барлық жағдай бар.

«Жігерлі жастар» осымен «жасыл ораққа» үшінші маусым шықты. Былтыр 5 мың центнерден астам шөп  дайындады. Сөйтіп, тұрғындардың ауласындағы малына және шаруа қожалықтарына сатылған пішеннен колледж қоржынына 3 миллион теңгеге жуық қаржы түсті. Оқытушылар мен шәкірттер биылғы жаз да осындай жеміс әкелеріне әбден сенімді.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы