13.06.2015, 7:54
Қараулар: 111
Жаңа тағайындаулар

Жаңа тағайындаулар

IMG_7920


Қазақстан Республикасы Президенті  әкімшілігінің келісіміне сәйкес облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып  тағайындалды.


Нариман Төреғалиев 1964 жылы Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, 2004 жылы Қазақ қоғамдық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-экономист, заңгер.

Еңбек жолын бұрынғы Ақжайық ауданының «Есенсай» кеңшарында 1981 жылы жұмысшы болып бастаған.

1982-1984 жылдары Венгр халық республикасында Кеңес әскері қатарында болды.

1985-1990  жылдары  Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтында оқыған.

1990-1991 жылдары Теректi ауданы 18 партсъезд атындағы арнаулы шаруашылық  бірлестігінің  еңбек  және  еңбекақы  жөніндегі  экономисі.

1991-1995 жылдары Теректi ауданы 18 партсъезд атындағы арнаулы  шаруашылық  бірлестігінің  бас  экономисі.

1995-1997 жылдары Теректi ауданы Ұзынкөл ауылындағы шаруа қожалығы штатының мүшесі.

1997-1999 жылдары Теректi ауданы Ұзынкөл ауылы «Айтиев» өндiрiстiк кооперативінің бас бухгалтері, жабдықтаушы мiндеттерiн атқаратын бас экономист.

1999-2001 жылдары Теректi ауданы Ұзынкөл ауылы «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы.

2001-2002 жылдары Теректі ауданының еңбек, жұмыспен қамту және  халықты  әлеуметтік  қорғау  бөлімінің  басшысы.

2002-2003 жылдары жалпы үлгідегі Орал интернат үйінің директоры.

2003-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары.

2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары.

2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің  Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  департаментінің  директоры.

2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  басшысы.

2012 жылдан  бастап  БҚО  Ақжайық  ауданының  әкімі.

2014 жылдың 12 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

*   *   *

Өзінің өтініші бойынша Марат Шайдоллаұлы Кәрімов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Кешегі актив жиналысында облыс әкімі Н. Ноғаев нәтижелі қызметі  үшін  М. Кәрімовке  алғыс  айтты.

*   *   *

Қазақстан  Республикасы Президенті әкімшілігінің келісіміне сәйкес облыс  әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Әділ Тауфиқұлы Жоламанов Ақжайық ауданының әкімі болып  тағайындалды.

12 маусымда облыс әкімі Н. Ноғаев Ақжайық аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып, депутаттарға Ақжайық ауданы әкімінің лауазымына Әділ Тауфиқұлы Жоламановтың кандидатурасын ұсынды.  Депутаттар  облыс әкімінің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев осы күні аудан активіне жаңа  әкімді  таныстырды.


IMG_0656[1]

Әділ Тауфиқұлы Жоламанов 1968 жылы туған, білімі жоғары, 2001 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институтын бухгалтерлік есеп және аудит, 2011 жылы Еуразия академиясын құқықтану мамандықтары бойынша  бітірген.

Алғаш еңбек  жолын 1989 жылы Жымпиты шаруашылық есепті жоспарлаудың жобалау сәулеттік-өндірістік  тобының  технигі  болып  бастаған.

1987-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарындағы әскери міндетін өтейді.

1993-1994  жылдары «Арай» шағын кәсіпорны директорының орынбасары, Сырым ауданы Жымпиты ауылында шар-уашылық есепті жобалау-құрылыстық тобының инженері қызметін  атқарды.

1994-1997 жылдары Батыс  Қазақстан  облысы Сырым ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша салық инспекциясының бас салық инспекторы болды.

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, 1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  кірістер министрлігінің Батыс  Қазақстан облысы Сырым  ауданы  бойынша  салық  комитетінің  төрағасы  болды.

2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық  комитетінің Батыс  Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша салық  комитетінің  төрағасы.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.

2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті  Теректі  ауданы  бойынша  салық  басқармасының  басшысы.

2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы экономика  және  қаржы  бөлімінің  басшысы.

2012-2014  жылдары Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің орынбасары.

2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы  басқармасы  басшысының  орынбасары.

2015  жылдың  12  маусымынан  Ақжайық  ауданының  әкімі.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар