13.06.2015, 8:29
Қараулар: 100
Құрылысқа ағаш материалдары керек пе? Әңгіме жоқ!

Құрылысқа ағаш материалдары керек пе? Әңгіме жоқ!

20150610_110150


Кеңес Одағы кезінде орман шаруашылықтарында ағаш өңдеу цехтары болғаны мәлім. Талай уақыт үзілістен соң Ақжайық ауданындағы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі сол ескіні жаңартты. Сатып алынған ресейлік «Тайга» арасы мен циркулярлық станок қазір заманауи технология бойынша жасалғандығын дәлелдеуде.


Жаңа цехта алуан көлемде құрылыс материалдарын, оның ішінде тапсырыс берушінің материалдарынан да әлденеше дүние шығаруға мүмкіндік бар. Аула қоршаулары да жасалады.

Бүгіннің өзінде тұрғындардан, ұйымдардан, тіпті көршілес Қазталов, Жаңақала аудандарынан тапсырыстар бойынша іс қызу жүргізілуде.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы