13.06.2015, 8:14
Қараулар: 108
«Сыбағадан» сыбаға

«Сыбағадан» сыбаға

DSC_2361-с


Осыдан он екі жыл бұрын өзінің «Жасқанат» шаруа қожалығын құрған кезде Абайдың мал басын асылдандыруды ойлауға жағдайы жоқ болатын. Бар-жоғы 9 бас ірі қара, бір бұқа және 10 қоймен шаруасын оңтайлауға кіріскен жас жігіт қолдағы малды барынша көбейтуге тырысты. Туып-өскен жері Ақобадан 5 шақырымдай қашықтықта орналасқан «Терек» нүктесіндегі қыстақты сатып алды.


– Осы қыстақта әкем 20 жыл қой бақты. Өзім де әскерден оралған соң әке жолымен үш жылдай қой баққанмын. Бұл – орын әкемнің шопан таяғына құт бітірген, отбасымызға береке, табыс әкелген қоныс. Ауылда бала кезден бірге өскен Әділбек Қуанғалиев деген құрдасым маған көмекшілікке келді. Сөйтіп, жыл өткен сайын мал басын біртіндеп көбейте бердік, –  дейді Абай Жұмақұлов бізбен әңгімесінде.

Ежелден төрт түлік  ұстап, бағып, күтімін келтіргендер малдың толайым табыс әкеліп, шаруашылықтың көзі, байлықтың өзі  болып табылатынын жақсы білген. Мал жатқанға емес, баққанға бітеді. Жас та болса, шаруасын құрып, мал басын өсіруге белін бекем буған Абай мұны жадынан әсте шығармады. Қазір оның шаруашылығында 281 бас ірі қара, 76 жылқы, 400-ден астам қой бар. Бұдан он жыл бұрын малды асылдандыруға жағдайы келмеген ол 2011 жылы елімізде  жүзеге асқан «Сыбаға» бағдарламасының игілігін пайдалануды көздеп, 2012 жылы аталмыш жоба бойынша  4 миллион теңге несие алды. – «Сыбаға» бағдарламасына рақмет. Соның арқасында 30 бас ірі қара, 1 бұқа сатып алып, мал басын асылдандырып келеміз. Қазіргі күні табында 5 асыл тұқымды бұқа бар, –  дейді ол.

«Қанат» ШҚ-ның қарамағында 13 адам жұмыспен қамтылған.

Нұрымбек   ЖАПАҚОВ,

Жәнібек  ауданы