11.06.2015, 7:17
Қараулар: 29
БПҰ-ның төрағаларына арналған семинар-тренинг

БПҰ-ның төрағаларына арналған семинар-тренинг

IMG_3229


«Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі мен Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен  бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған көшпелі семинар-тренинг өтті.


Аталмыш тренингті «Көпшілік алдында сөз сөйлеу. Саяси пікірталастар» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты Есет Есенғараев, ал «Коммуникациялық құзыреттіліктерді жетілдіру» тақырыбында жаттықтырушы, кәсіби медиатор Жанель Сариева жүргізді.

Екі күнге созылған семинар-тренингке барлығы 55 бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Сырым ауданынан келген «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанар Хамидуллина:

— Кез келген адам қандай да болмасын, дәрісті тыңдағанда немесе жекелеген адамдардың сөзін тыңдағанда өзіне ұнамды жақтарын қабылдайды. Мен бұл жерде осы екі күн ішінде сабақ берген лекторлардың асқан шеберліктеріне тәнті болдым. Әсіресе, Есет Жемісбекұлының сұңғыла сөздері, терең ойы, сөздік қорының молдығы көңілімнен шықты.

Өмірлік тәжірибесі, сондай-ақ көптеген ойшылдар мен ұлылардың басынан өткендері мен солардан қалған нақыл сөздерді ұштастыра отырып аудиторияға жеткізе білуі зерек, қабілетті адам екенін байқатты. Бұл сабақтардан мен ерекше әсермен оралдым. Мен де өз салам бойынша қызметімде аудиториямен жұмыс жасаймын. Мен топпен жұмыс жасаудың, көптің алдында сөйлеудің және өзіңді ұстаудың тетіктерін, туындаған қиындықтарда  ойланудың өлшемдерін тиімді меңгеріп қайттым.

Екі күнде көп мәлімет алдым. Лекторлар көп өмірлік мысалдар келтіру арқылы  тиімді түсіндіріп, ойларын жеткізіп, санамызға біраз нәрсе түйді.  Алдағы уақытта осындай тренингтер болып тұрса деп ойлаймын. Тренинг біткеннен кейін аталған тақырыптарға орай тест тапсырдық, — деген Жанар Кашукқызы ұйымдастырушылар мен дәріс берушілердің жұмысына жеміс тіледі.

Тренинг аяқталғаннан кейін оған қатысушылар тест тапсырып, аттестациядан өтті.

Назгүл ҚОЖАНБАЕВА,

«Нұр Отан» партиясы БҚОФ-ның

баспасөз  хатшысы


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар