9.06.2015, 17:00
Қараулар: 339
Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

e1a872a4240a1d9c5b562b0ac3ef752a


Н. Жазылбеков және М. Қазбекова Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуразиялық экономикалық одақ аясында тарифтік саясатты ықшамдау» тақырыбындағы брифингке қатысты


2015 ж. 9 маусым

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» ҚДП-ның мүшелері Н. Жазылбеков пен М. Қазбекованың қатысуымен брифинг өтті. Брифингтің тақырыбы: «Еуразиялық экономикалық одақ аясында тарифтік саясатты ықшамдау». Төменде сөйлеген сөздердің тезистері келтірілген.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 16-съезінде сөз сөйлеп, Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған және мемлекеттің тұрақтылығы мен жетістігіне әсер ететін ғаламдық шақырулар мен тәуекелдерге жауап болған бес институционалдық реформаларды айқын анықтап берді.

Индустриаландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсу» үшінші реформасының аясында Ел президенті кеден рәсімдеріне, тарифтік саясатқа, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес келмейтін тарифтік емес тосқауылдарға қатысты проблемаларды атады. Сондай-ақ,  Еуразиялық экономикалық одақ аясында тарифтік саясатты ықшамдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуге тапсырма берді.

Президент елдің экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына қосылуға бағытталған бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру мақсатында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» ұсынды.

Аталған құжатта салық және кеден саясаты мен рәсімдерін оңтайландыру, кеден рәсімдерінен өту кезінде «бірыңғай терезе» қағидасын енгізу, кеден және салық жүйесін біріктіру, сондай-ақ «постфактум» кедендік тазалау тәртібін енгізу мәселелері көтерілген.

Онда сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 6 таңбалы бір текті тауар топтары аясында «0-5-12» үлгісі бойынша Бірыңғай кедендік тарифтің кеден мөлшерлемесін қысқарту қарастырылады.

2010 жылдан бастап Қазақстан, Беларусь, Ресейге үшінші мемлекеттерден әкелінетін тауарларға Кеден одағы Бірыңғай кедендік тарифтерінің кедендік әкелімнің мөлшерлемесі қолданылады.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу аясында мүше мемлекеттер бірыңғай сыртқы сауда және кеден саясатын жүргізеді. Осылайша, Одақтың кеден аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасын (БТН) және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі қолданылады.

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін анықтау құзыреті Еуразиялық экономикалық комиссияға берілгенін ескере отырып, Бірыңғай кедендік тариф пен сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына  өзгертулер енгізу мәселелері Коллегиямен немесе Комиссия Кеңесімен олардың құзырларына сәйкес қабылданады.

БТН негізінен елдің ішкі нарығы мен төлем қабілетін ескере отырып, тауарлар мен өнімдерді әкелуге  тағайындалған. Олар импорттық тауар құрылымын оңтайландыруға; отандық өндірушілерді қолайсыз шетелдік бәсекелестіктен қорғауға; өндіріс құрылымындағы озық өзгерістерге жағдай туғызуға мен тауарларды пайдалануға; өндірілмейтін немесе  жеткіліксіз мөлшердегі тауарлармен қамтамасыз етуге; әлемдік экономикаға тиімді кірігуге жағдай жасауға бағытталған.

Соған байланысты бүгінде БТН-да кедендік баждың  0 %-дан жоғары 80 %-ға дейін мөлшерлемесі, соның ішінде бірыңғай тауар топтарының 6, тіпті 9 санды  сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) белгіленген.

Сонымен қатар 2014 жылға 29 мамырда Жоғарғы Еуразиялық  экономикалық кеңес «Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «Бірыңғай терезе» қағидатын дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру іс-шаралары туралы» № 68 шешім қаылдады.

«Бірыңғай терезе» қағидаты сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік органдар мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылар арасындағы Бірыңғай өткізу арнасы арқылы ұсынылатын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметті тексеру барысындағы ықпалдастық  болып табылады.

39-қадам: кеден және салық жүйесін біріктіруге қатысты. Салық салу мақсатында импорттаушы Қазақстан аумағына тауарды әкелу кезеңінен оны өткізгенге дейін қадағаланатын болады.

Тәуекелдерді басқару жүйесіне арналған бірыңғай деректер қорын құру бақылау жүргізу жеделдігін арттыруға, талданатын көрсеткіштер санын кеңейту есебінен тиімділікті арттыруға, автоматтандыру жолымен адам факторларының әсерін азайтуға және т.б. мүмкіндік береді.

Ұлттың 100 нақты қадам жоспарына сәйкес «постфактум» кедендік тазалау тәртібін енгізу,  СЭҚ қатысушыларының жеке санаттарына тауар декларациясын бергенге дейін тауар шығару мүмкіндігін беру қарастырылған.

Қазіргі уақытта кеден декларациясын бергенге дейін тауарды шығару рәсімі Кеден одағының Кеден кодексімен (197-бап) және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (298-бап) реттеледі.

Бұл ретте, Кеден одағының Кеден кодексінің 197-бабымен (ҚР Кеден кодексінің 298-бабына ұқсас) тек тауарлардың белгілі санаттарына қатысты кеден тауарларын шығару қарастырылған.

Негізгі проблема тауарлардың тізімінің Кеден одағының кеден кодексінің 197-бабымен шектелу фактісі болып табылады. Тауарлардың немесе тұлғалардың өзге санаттарына қатысты кеден декларациясын бергенге дейін шығару рәсімдерін қолдану Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес түзетулер енгізусіз мүмкін емес.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар