14.05.2015, 12:30
Қараулар: 296
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

DSC_2280

2015 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Мұратбеков Ертас Байтасұлы  мен Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының қатысуымен «Конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының  негізі» тақырыбында брифингі болып өтті.

Дін саласындағы уәкілетті органның төрағасы Дін істері комитетінің жұмысы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауында анықталған міндеттерді, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы ассамблеясы отырысында айтқан ойларын іске асыру шеңберінде мемлекет пен қоғамымыздың тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау мен нығайтуға, конфессияаралық ауызбіршілікті нығайта түсуге, зайырлы және дәстүрлі ұлттық, діни-рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттауға жұмылдырылып отыр деп атап көрсетті.

Елімізде дәйекті мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынас орнатылған. Осының көрінісі ретінде елімізде берік орныққан ұлтаралық және конфессияаралық келісім әлемде «Қазақстан жолы» ретінде танылған. Ғалым Шойкин «…бұл мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатының жемісі» және «қазақ халқының тегінде бар бауырмалдық пен төзімділіктің нәтижесі» деп атай отырып, бұл, өз кезегінде, еліміздің дамуының бүгіні мен болашағына берік іргетас құрайды деп тұжырымдады.

Одан кейін сөз алған Айнұр Әбдірәсілқызы дәстүрлі рухани-өнегелілік құндылықтарды жаңғырту және зайырлылық қағидаттарын ілгерілету бағытында іске асырып отырған жұмыстарын баяндаған болса, Ертас Мұратбеков Елбасы бастамасымен құрылып, бүгінгі күнде әлемдік деңгейдегі сұхбат алаңы ретінде танылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің мәні мен маңызына жан-жақты тоқталып, биылғы жылғы 10-11 маусымда елордамыз Астанада өтетін V Съезге дайындық жұмыстары туралы айтып өтті.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар