14.05.2015, 7:37
Қараулар: 262
Ауылына қамқор Айдос

Ауылына қамқор Айдос

DSC_0250


Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Данияр Қайратов Ақтау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, жерлесіміз Айдос Сәрсенғалиевті қабылдап алғысхат табыс етті.


Айдос Сәрсенғалиев Жалпақтал ауылы үшін көптеген игі істер жасады. 2013 жылы өз қаражаты есебінен Жалпақтал мешітінің қос мұнарасын салғызып, өткен  жылы Жаңажол ауылының қақ ортасынан жаңа мешіттің бой көтеруіне де өзінің үлесін қосты. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында тағы бір игі істі қолға алған болатын. Жалпақтал орталық саяба-ғының Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің ескерткіш тақтасын өз қаражаты есебінен  қайта  жаңғыртқызғанына  ауыл тұрғындары  куә.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы,

Қазталов ауданы