15.01.2021, 17:22
Қараулар: 79
АЯНАТ – ЭКОДЕФИЛЕ ЖЕҢІМПАЗЫ

АЯНАТ – ЭКОДЕФИЛЕ ЖЕҢІМПАЗЫ

Облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың ұйымдастыруымен «Құйрықты сәнқойлар» атты экодефиле өтті. Облыс мектептерінің оқушылары қатысқан бұл байқауда М-С.Бабажанов атындағы мектептің оқушысы Аянат Шынболатқызы топ жарып, І орын алды.

  • Қысқы демалыста да қарап жатпай, пән мұғалімі Нұргүл Елеусіновамен бірге осы онлаин байқауға қатыстым. Қуыршақтарға әдемілеп көйлек тігіп, сәндейміз ғой. Дәл сондай ғып, мысыққа киім тігіп, мияуымызға фотосессия ұйымдастырдық. Бейнежазба дайындап, салып жіберген едік. Байқауға облыстың барлық мектебінен қатысады. Оның үстіне қыз балалар сәндеп киім тігіп, ерінбестен фотосессия жасап, не бір дүниелер салады деп ойладым. Шынын айтсам, бірінші орын аламын деген үмітім аздау болды. Нәтижесін естіп қуанып қалдым,-дейді Аянат Шынболатқызы.

Анар АРТЫҚБАЙ