15.01.2021, 17:02
Қараулар: 77
БРИФИНГ ӨТТІ

БРИФИНГ ӨТТІ

» Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Мейрамбек Аққалиев сайлау қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

— Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауға аудан бойынша 8695 сайлаушы қатысқан. Оның 6899-ы «Nur Otan» партиясына дауыс берген. Пайызға шағын айтсақ,  81,8%-ға ие болды. Сайлау нәтижесі партиямыздың жасампаздығын көрсетеді, басым дауысқа ие болуымыз партияның ел алдындағы жауапкершілігін еселейді. Осы сәтті пайдалана отырып, партиямызға дауыс берген барша жерлестерімізге білдірген сенімді үшін филиал атынан, штаб атынан алғысымды айтамын, — деді филиал төрағасының орынбасары Мейрамбек Аққалиев.

— «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыратын болады. Осы мақсатта бесжылдық жоспар бекітіліп, аумақтың даму бағдарламасы жасақталмақшы. Осы бағдарлама негізінде аудандағы жұмыссыздықты азайту, жайылымдық жерлерді кеңейту, шағын кәсіпкерлікті дамытуда қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие мөлшерін еселеу, 19 шақырым жол құрылысын сапалы жүзеге асыру және тағы басқа да өңір мәселелерін нәтижелі шешу көзделіп отыр, — деді Мейрамбек Аққалиев партияның алдағы жұмыс жоспары турасында.

Штаб мүшесі Тілеген Арыстанбеков:

— «Nur Otan» партиясы нақты істердің партиясы. Аудандық штабтың ұйымдастыруымен,  үміткерлердің қатысуымен өткен іске асқан 517 шарада жеке бас проблемасымен келгендер аз болды. Келелі мәселелерді, елдің ортақ мүддесіне қатысты ұсыныстар айтылды. Бұл ел ахуалының өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артқанын көрсетеді,- деді.

Ұлпан ЖАКИНА