27.11.2020, 10:56
Қараулар: 334
ҮШ ОКРУГТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ҮШ ОКРУГТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

 

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында үш бірдей ауылдық округ әкімі сайланды. Сайлау барысына Бағдат Лұқпанов төрағалық етсе, бес сайлау комиссия мүшесі қатысты. Аудандық мәслихаттың 12 депуатының 10-ы қатысып, дауыс берді.

Сайлау қортындысында Ұялы ауылдық округінің әкімі міндетін уақытша атқарушы боп  Ерлан Ермекқалиев сайланды.

Ерлан Ермекқалиев жоғары білімді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ін  «жоғары кәсіби білімді педагог-хореограф» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған Ерлан

– 2005-2017 жылдары Ш.Жексенбаев атындағы орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі;

– 2017-2019 жылдары Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББ мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқарды.

— 2019 жылғы мамырдан 2020 жылдың қазанына дейін Саралжын ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Ал, Саралжын ауылдық округінің әкімі міндетін уақытша атқарушы боп Асқар  Мәмбетов бірауыздан таңдалды.

Асқар ағамыз – осы Саралжынның төл перзенті. Жоғары білімді.  Жәңгір хан атындағы БҚАТУ -ін  «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын  Құрманғазы кеңшарының №3 бөлімшесінде веттехник боп бастаған ол:

— облыстық ветеринарлық  стансасының ветеринарлық маманы;

— Саралжын ауылдық округі әкімі аппараттарында ветеринарлық инспектор;  БҚО аймағындағы мемлекеттік ветеринариялық бақылау және жүктердің өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы;

— соңғы он жылда  Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.

Халық қалаулылары Мұратсай ауылдық округі әкімі лауазымына Мейрамбек Ғиылмановтың кандидаты лайық деп тапты. Аталмыш ауылдық окуруг әкімінің міндетін уақытша атқарушы боп тағайындалған Мейрамбек Ғиылманов осы Мұратсай ауылының тумасы.  Білімі – жоғары. Мамандығы —  салық жөніндегі финансист-экономист.

Бұған дейін  аудандық салық басқармасының бас маманы,  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов аталмыш округтерге арнайы барып, ауылдағы ағайынды жаңа әкімдерімен таныстырып, лауазым иелеріне «ел үмітін ақтап, абыройлы қызмет қыл!» деп игі тілегін білдірді.

Темхар РАХМЕТОЛЛА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар