19.11.2020, 16:39
Қараулар: 276
ҚАРАСУДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ӨРТТЕНДІ

ҚАРАСУДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ӨРТТЕНДІ

2020 жылғы 11 қараша күні 07 сағат 40 минутта Хан Ордасы ауылы, Қарасу елді мекенінде орналасқан ауылдық клуб өртенді.

Бұл туралы хабар алсымен Хан ордасы ауылындағы № 26 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 07:43-те аттанып, 08:01-та жетті. Округ орталығы мен елді мекен арақашықтығы жеті шақырымды құрайды. Қызыл жалын сағат 09:27-те оқшауланып, 12:58-та толықтай жойылды. Жалпы өрт көлемі 25*8=200ш/м. Оқиға орнында 1 техника мен жеке құрамның 3 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

 

Ақылбек САҒИТОВ,

аудандық ТЖБ-нің бастығының м.у.а.

азаматтық қорғау капитаны