19.11.2020, 16:18
Қараулар: 289
НҰРБОЛ МЕН ҚУАНДЫҚ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫНА» ИЕ БОЛДЫ

НҰРБОЛ МЕН ҚУАНДЫҚ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫНА» ИЕ БОЛДЫ

 

Өткен аптада Оралдағы Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықта коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен түрлі саланың өкілдері «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Соның ішінде төтенше жағдай кезінде ерекше белсенділік танытып, азаматтық жауапкершілігін таныта білген Бисен ауылдық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы Нұрбол Өтеғалиев пен Т.Масин ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Қуандық Сұлтанияров та бар.

Жерлестеріміз бұл марапатты  короновирус жұқпасының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында  тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізіп, қайырымдылық бағытындағы шаралардың басы-қасынан табылғаны үшін берілді.

Арайлым МАРАТҚЫЗЫ