19.11.2020, 16:15
Қараулар: 230
ТАРАПТАР ТАТУЛАСЫП, БЕС ІС ТОҚТАТЫЛДЫ

ТАРАПТАР ТАТУЛАСЫП, БЕС ІС ТОҚТАТЫЛДЫ

 

Дауларды татуласу тәртібімен шешу мүмкіндіктерін арттыру барысында елімізде пәрменді шаралар алынып, ҚР «Медиация туралы» заңына сәйкес, дауларды медиация тәртібімен шешу қолға алынды.

Қазіргі уақытта  аудан көлемінде дауды сотқа дейін және сот кезінде дауларды реттеудің мүмкіндіктері қалыптасып, сотта қаралатын істерге дауласушы тараптардың келісімімен ауданымыздың кәсіби емес медиаторларының көмегіне жүгінетініміз бар.

Арыз берушілерге материалдық шығынды, бережақ қарызды өндіру, некені бұзу туралы талап арыздармен жүгінушілерге, тараптар арасындағы дауды медиатордың көмегіне жүгінуге құқылы екенін білгендері жөн.

2020 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.    Жаңа заң талаптары бойынша судья талап арыздарды соттың өндірісіне қабылдамай тұрып, он жұмыс күні ішінде татуластыру  рәсімдерін жүргізуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 150-бабының 1-бөлігіне сай татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қою арызын қабылдау талап қою арызы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижелері туралы сот ұйғарымында талап қою арызын қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту туралы көрсетіледі.

Бүгінгі таңда сотқа түскен материалдық шығынды, бережақты өндіру және үш неке бұзу туралы бес талап арыз он жұмыс күні ішінде татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижесінде сот өндірісіне қабылдаудан бас тартылды.

Бес талап арыз бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін уақыт берілді. Татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижесі бойынша тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі және талап арыз бойынша істі тоқтату туралы өтінішхаттары келіп түсіп, арыздар қабылдаудан бас тартылды.

  

Зияш ЗАЙНУЛЛИНА,

 аудандық  сотының кеңсе меңгерушісі