19.11.2020, 15:16
Қараулар: 253
БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛЫП, ШЕКТЕУЛЕР КҮШЕЙТІЛЕДІ

БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛЫП, ШЕКТЕУЛЕР КҮШЕЙТІЛЕДІ

Аудан әкімдігінде өткен коронавирус індетінің алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы қарашаның 8-і күні облысымыздың бас санитар дәрігерінің №33 қаулысынан туындайтын мәселелерге арналды.

Онда аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы Света Рамазанова:

  • Осы күнге дейін қабылданған шараларға қоса қарашаның 10- 23-і аралығында түнгі мезгілде ауданымызда да көшеде жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар демалыс күндері карантиндік режим күшейтіледі. Демалыс күндері ауыларалық қатынас тоқтамаса да, облыс орталығына қатынас шектеледі. Осы бағытта демалыс күндері Ұялы, Саралжын бағыттарында санитарлық бекеттер қойылады. Тағы бір ескеретін жайт, отбасылық шараларды мүлдем өткізуге болмайды, тіпті жерлеудің өзіне қатысатындар 20 адамнан аспау шарт,-деді.

Аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Жангелді Салауатов жиынға қатысушы штаб мүшелері мен ауылдық округ әкімдерін ауыл азаматтарына демалыс күнгі карантин облысымыз бойынша қабылданғандықтан, аудан, облыс асатын азаматтар барлық жоспарын осы карантин нігізінде құрғаны дұрыс деген ұсыныс айтты.

–Өйткені, жұмыс күндері ауданымыздан шығып кеткен азаматтар діттеген жеріне жете алмай, ауданаралық бекеттерде тұралап қалуы ықтимал,-деді Жангелді Ахметкерейұлы.

Айталық, шектеу шаралары аудандағы коронавирустық инфекцияның таралу жағдайының өзгеруіне байланысты қайта қаралып, ұзартылуы да ықтимал.

Раушан БАҚЫТОВА