11.11.2020, 13:48
Қараулар: 322
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

 

Аудан көлемінде «Қыс – 2020» республикалық-командалық оқу жаттығу өтіп, тиісті мекемелердің қыс мезгілінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды.

Карантиндік жағдайға байланысты шұғыл әрекет ету жасағы бір жерде бас қосып, бірге әрекет қылып, сынға түспеді. Дегенмен азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайға дайындығы өз аумағында жіті тексерілді.  Аудан бойынша 58 адам, 18 техника, соның ішінде 5 инженерлік техника орын алуы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жұмыстарына тас-түйін дайын.

Атап айтқанда, өртке қарсы қызмет,  медициналық көмек көрсету қызметі, радиациялық және химиялық барлаушылар қызметі, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі, газ жүйесі бойынша апаттық қызметі, жолдар мен көлік және жанар жағармаймен қамту  қызметінің дайындығы пысықталды. Азық-түлік және медициналық препараттар қорын құру мәселесі де қаралды.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар