11.11.2020, 13:45
Қараулар: 336
«АЛТЫН КҮЗ» АЙШЫҚТЫ ӨТТІ

«АЛТЫН КҮЗ» АЙШЫҚТЫ ӨТТІ

 

М-С.Бабажанов атындағы мектеп карантин жағдайына қарамастан тәрбиелік шараларды ұтымды ұйымдастыруда. Соның бір мысалы күні кеше өткен «Алтын күз» шара. Шара сан тақырыпта өткізілді. Оқушылармен бірге жас мұғалімдер, машықкерлер де белсенді қатысты. Қазан айының алғашқы онкүндегінде мектептің жас мамандары мен машыққерлері арасында ашық аспан астындағы галерея «Күз бейнесі» атты мектепішілік сурет салу байқауында бақ сынады. Нәтижесінде  Р.Құрманғазиев және Б.Каирхан І орын алды.

5-11 сынып оқушыларының «Алтын күз – берекем!» атты мектепішілік байқауы өтті. Байқау «Шебердің қолы алтын» сюжеттік аппликация, «Мен және күз» фотосуреттер, «Сарғайды тоғай, сап-сары маңай» суреттер және «Күз түсті, дән пісті»  аталымдары жеңімпаздар анықталды. Дайындық топтарында  «Жомарт күз», 1-4 сыныптарда «Армысың, Алтын күз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Халықаралық қыздар күніне орай «Қыз өссе-елдің көркі» атты апталық жарияланып, кезекші сынып оқушыларына тәрбие сағаттары, «Мен қандаймын?» фотосуреттер байқауы өтті. Фотосуреттер көрмесі жасақталып, қатысушылар  «Бұрымды қыз», «Нәзік қыз», «Әдемі қыз», «Өнерлі қыз», «Ақылды қыз», «Аспаз қыз», «Үлгілі қыз», «Тәрбиелі қыз», «Спортшы қыз», «Шебер қыз», «Сыпайы қыз», «Әсем қыз» , «Сұлу қыз», «Суретші қыз», «Тәрбиелі қыз» номинациялары бойынша марапатталды. Ал, 5-11 сынып оқушылары арасында «Бұрымды қыз-2020» қашықтық байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы фотосурет, шаш үлгісін жасау, бұрым қасиеттері мен ерекшелігі, қазақ халқының қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі туралы пост жазудан сынға түсті. Инстаграмм желісі арқылы дауыс жинап, бір аптада жеңімпаздар анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша  Айшат Ихсанова «Инабатты қыз», Лаура Сабырғалиева «Шашбаулы қыз»,  Айша Азамат «Көрермен көзайымы» атанып, Гүлсина Амангелдиева «Үздік шаш үлгісі» номинациясына, Дильназ Бисенғалиева «Үздік пост» номинациясына,  Аянат Жақсыбекқызы үздік деп танылып, «Бұрымды қыз-2020» номинациясына ие болды.

Айдана ЗИНОЛЛИНА,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Сайқын ауылы

 

 

 

 

 

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар