10.11.2020, 11:35
Қараулар: 199
ҚЫСТАҚ АРАЛАП, КЕҢЕС БЕРДІ

ҚЫСТАҚ АРАЛАП, КЕҢЕС БЕРДІ

 

Сайқын ауылдық округінің әкімінің орынбасары Дәурен Дәуленов, жетекші маман Әнуар Ақылбеков, мал дәрігері Ермұқан Ғабдуллин мен учаскелік полиция инспекторы Айдос Жексенбаев отыз сегіз қыстақты аралап, өз салалары бойынша кеңес берді.

Атап айтқанда мал шаруашылығына тартылған жұмысшылармен келісімшарт жасап, тиісті төлемдерін төлеу, тыс жерден келгендерін тіркеуге алу, мал басын ақпараттық бірегей базаға тіркеу, сырғалау, чип, флиппер тағу, бағымсыз жібермеу, қыстақ айналасының тазалығына қатысты нұсқаулықтар беріліп, ескертулер жасалды.

Ұлпан ЖАКИНА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар