10.11.2020, 11:20
Қараулар: 352
СЫН АЙТЫЛЫП, ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

СЫН АЙТЫЛЫП, ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің оңтүстік аудандарға жұмыс сапары біздің ауданда жалғасты.

Облыс әкімі орынбасарымен бірге  облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Бауыржан Сейтқалиев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетов және БҚО «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК директоры Еркебұлан Жұманов аудан орталығына арнайы келіп, ауданда жүріп жатқан  құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты.

Облыстық  делегация сапары  «Өнеге- Сайқын» республикалық маңызы бар тас жол зауытынан басталды.

Жалпы жұмыс барысына көңілі толмайтындығын жеткізген облыс әкімінің орынбасары тас жол құрылысына 2020 жылға қарастырылған 486 млн теңгені толықтай игермеген «Ақ Жол құрылыс» ЖШС уәкілдеріне жұмыстарын ширатуларын талап етті.  Ал жол құрылысына жауаптылар игерілмеген қаржына бірер айда толық игереміз деп уәдесін үйіп төкті.

  • Жыл бойы игерілмеген қомақты сома бірер айда қалай толық игеріледі? Деген Тимуржан Әдиетұлының сауалы жауапсыз қалды. Қалай иерілгеніне уақыт төреші, әрине.

Бұдан соң делегация дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысымен,  аудандық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының, М.Мәметова атындағы орта мектебінің жөндеу жұмыстарымен танысып өтті.

Ерекше сын М.Мәметова атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты «ЭНЕРГИЯ» ЖШС-ына айтылды. Мектеп аумағында төсем жолдың қисық төселгенінен бастап, ішкі жөндеу жұмыстары да талапқа сай еместігін аңғарған облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов қысқа мерзімде айтылған сынды жоюды талап етті.

Сонымен қатар аудан орталығында төселіп жатырған тас жол жұмыстарымен де танысқан Тимуржан Шәкімов, жұмысқа жауапты серіктестік ауа райының қолайлығын пайдаланып, жұмыстарын ширатпаса жоспарлаған мерзімнен кешігетінін айтып өтті.

Облыстан келген делегация сапары Бисен ауылында салынған екі пәтерлі жаңа үйлерді де қараумен аяқталды.

Темхар РАХМЕТОЛЛА

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар