3.11.2020, 12:30
Қараулар: 227
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Сайқын ауылының көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.  Осы күнге дейін ауыл орталығында жол салу ісінің бастапқы кезеңдері жүзеге асырылса, бүгінгі күні асфальт төсемдері төселуде.

-Қазіргі таңда аудан орталығындағы үш көшеміз асфальт төсеу жұмыстарына толықтай дайын. Бүгін Бисен Жәнекешов атындағы көшеге асфальт төселуде. Биылғы жылы Сайқын ауылының 12 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асфальт төсеу көзделген еді. Дегенмен асфальт зауытын іске қосудағы қиындықтарға байланысты жұмыс кестесінен кешігіп қалып жатырмыз. Алайда  -5 градусқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар. Ауа райдың қолайлығын пайдаланып жұмыс қарқынын арттырмасақ, саябырсытпаймыз, -дейді «АқтөбеЖарық» ЖШС-ының уәкілі, учаскі басшысы Қанат Сәметеев.

Естеріңізге сала кетсек, ауылішілік көшелердің күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 324 436 000 теңге қарастырылған.

Темхар РАХМЕТОЛЛА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар