3.11.2020, 12:28
Қараулар: 30
БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

Бөкейлік азамат адам өміріне арашашы болды. Өз өміріне нүкте қоймақшы болған 32 жасар нәзік жанды Шағанға секірген. Мұны байқап қалған Асқар  Нұрғалиев көлігінен түсіп, көмек шақырып, әйелдің артынан суға секіріп кеткен. Әйелді жағаға аман шығарды. Жағаға дереу жеткен жедел жәрдем әйел адамды ауруханаға алып кетті. Оның өміріне, денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Оқиға қазанның 26-сы сағат 11.30 шамасында орын алған.

Асқар Нұрғалиев — ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің қызметкері. 2015 жылдан бері Ұлттық ұлан сапында әскери қызметте. Төрт бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

Ажалға асыққан әйелдің өміріне арашашы болған  аға сержант Асқар Бисен ауылдық округінің тумасы.   Ақ халаттылар отбасында өскен Асқар осылайша ажалға қарсы тұрды. Теміртай аға мен Гүлбарам анамыздың ұлы тұтас Бөкей жұртының мақтанышына айналды. Ерлік танытқан елгезек сержанттың бұл ісі облыс басшысы Ғали Есқалиевтің тарапынан да елеусіз қалмады. Облыс әкімі бейбіт күннің батырын қабылдап,

  • Сіз өз өміріңізге қауіп төніп тұрса да, батылдықтың үлгісін көрсетіп, әйелді құтқарып қалдыңыз. Бұл оқыс оқиғаға ұшыраған жанға немқұрайлы қарамайтыныңызды, белсенді азаматтық ұстанымыңызды әйгілейді. Мұны ерлік деп есептемесеңіз де, бұған кез келген адамның батылы жетпес еді. Бұл – кәсіби қызмет қана емес, ізгі ата-ана тәрбиесінің де жемісі,- деп лайықты құрмет көрсетті.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар