30.10.2020, 12:14
Қараулар: 227
БАТЫРҒА БЮСТ ҚОЙЫЛДЫ

БАТЫРҒА БЮСТ ҚОЙЫЛДЫ

 

 

Ұялыда ауылдың ауызбіршілігін айғақтаған үлкен істің ашылу рәсімі өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы  аясында қолға алынып отырған игі іске ауылымыздың қожалық жетекшілері, ел азаматтары бір үйдің баласындай жұмыла кірісіп, білім алған алтын ұя мектебінің ауласына қазақтан шыққан тұңғыш  генерал-майор  Ш.Жексенбаевтың бюстін орнатып берді.

Бюст авторы — оралдық мүсінші  Асқар Отарғалиев.

Мүсіннің орнатылуына ауыл азаматтары Ж.Базарбаев, Н.Бақтығалиев, Ж.Қуанов, Б.Рахимғалиев, Б.Тауманов, С.Досалиев, А.Меңдіғалиев, М.Бадайтов, А.Қойшығұлов, М.Мұхамжаров, А.Рысқалиев, Т.Бақтығалиев, Б.Сәрсенғалиев, Б.Оразғұлов,  У.Рахимғалиевтер мен «Ұялы» ЖШС қаржылай демеушілік жасады. Бюстті орнатуға  929 200 теңге жұмсалды.

Ауыл азаматы  Бейбіт Мұратов мүсін орнатқан алаңқайға  брусчатка төсеу жұмысын өз мойнына алды. Ш.Жексенбаев атындағы мектептің 2000 жылғы түлектері мүсін орнатылған алаңқайды электр жарығымен қамтамасыз етті.

Шәкір Жексенбаев  Азамат соғысына, Ұлы Отан соғысына қатысып, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Нарынның нар ұлдарының бірі.  1992 жылы сол кездегі ауыл әкімі     Елеу Аманов пен мектеп директоры     Қайролла  Сабировтың бастамасымен  Искра орта мектебіне генерал    Шәкір Жексенбаев  есімі берілді. Осы бюстің орнатылуына  ауыл әкімі  Бақытжан Оразғұлов бастамашы боп,  ұйымдастыру жұмыстарын «Ұялы» ЖШС басшысы   Серік Садықов  жүзеге асырды. Жалпы бюсті орнату  жұмыстарын ауылымыздың құрылыс саласында еңбек етіп жүрген майталман жігіттері  Ахмет Иманғалиев, Нұрлан Сәрсенғалиев,  Мубин Бадилов, Бекет Әліпқалиев, Шыңғыс Садыковтар атқарды.

Бюст шымылдығын аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен серіктестік басшысы Серік Садықов ашты. Жиналған қауым, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері  гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шарада мектептің жас әншілері Мұратжан Әжгереев пен Ерасыл Сатыбалдиевтер жас ұстаз  Айдос Меңдіғалиевтің мектеп әнұранына айналған «Шәкір ұландары» әнін әуелете шырқады. Мектеп директоры Мәншүк Мұхамжарова мүсіннің бой көтеруіне көмектескен жандарға өз алғысын білдірді.

Ақылай СӘЛМЕНОВА,

әлеуметтік педагог,

Ұялы ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар