30.10.2020, 12:11
Қараулар: 476
ХАН ЖӘҢГІРГЕ МУРАЛ САЛЫНДЫ

ХАН ЖӘҢГІРГЕ МУРАЛ САЛЫНДЫ

 

Көпқабатты үйлерге танымал тұлғалардың муралын салу үрдісі аудан орталығы Сайқын ауылында да көрініс тапты. Жергілікті әкімдіктің тікелей қолдауымен Бөкей хандығының 220 жылдығы және Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығы мерейтойларына орай орталық көшедегі екіқабатты үйдің қасбетіне алыстан көз тартар хан Жәңгірдің алып бейнесі пайда болды.  Қабырғаға қарағайлы орман алқабы мен музей-қорықтың суреттері де қоса салынған.

Жәңгір ханның бейнесін оралдық суретші-дизайнерлер  Яков пен Дарья Полищуктер бес күн ішінде жасап бітірді.

Арайлым МАРАТҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар