30.10.2020, 12:02
Қараулар: 284
ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕНДЕРГЕ ҚОШЕМЕТ

ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕНДЕРГЕ ҚОШЕМЕТ

Құтқарушылар күніне және азаматтық қорғау органдарына ширек ғасыр толуына орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, азаматтық қорғау майоры Тұрарбек Апақаев ТЖ алдын алу және жою барысында қолдау көрсеткен бірқатар мекемеге өз ризашылығын білдірді.

– Бөліміміз бір жылдары өзгеріске ұшырап, атауымыз өзгергенмен, қызметіміз еш өзгермеді. Қай уақытта да басты міндетіміз — төтенше жағдайды болдырмау, оның алдын алу. Ал, егер бола қалған жағдайда оның зардаптарын шұғыл жоюға жұмыстанатынбыз. Міне, осы жолда біздің бөлімге жергілікті атқарушы орган көмекке келуде. Сондай 12 мекемеміз бар. Төл мейрамымызда осы мекемелерге алғысымызды айтып, ризашылығымызды білдіреміз.  Өйткені олар да құтқарушылар. Олар қауіп төнгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруының арқасында тілсіз жау ауыздықталып, жолды бұғаған  қалың қардан тұрғындарымыз босатылуда. Олар толассыз жаңбыр, ми  батпақта жолда қалған ауылдастарымызға  қол ұшын созып, әр кезде көмек беріп келеді, -деген ТЖ бөлімі  бастығы алғысын айтып, құттықтау хаттарын табыстады.

Осы жиында азаматтық қорғау саласының ардагерлері Нұрлан Ибрашев пен Сергей Вялыхқа мерекелік медаль табысталатыны айтылды.