30.10.2020, 11:38
Қараулар: 283
МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖҰМЫСЫ

МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖҰМЫСЫ

Елімізде коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында құрылған арнайы мониторингтік топ Сайқын ауылындағы азық-түлік және киім-кешек дүкендерін аралап, БҚО бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысымен таныстырды. Сондай-ақ, санитарлық талаптардың орындалуын тексеріп, орын алған кемшіліктер дерегі қайта тіркелген жағдайда тиісті шаралар қабылданатынын ескертті.

Әр түсіндіруін «Қазіргі таңда ауданымызда індетке шалдыққандар тіркелген жоқ, әрі оны болдыртпау әр тұрғынның қолында. Егер әр кәсіпкер мен оның жұмысшылары өз денсаулығын сақтаудың алғышарттарын ұстанып,  санитарлық нормаларды сақтап, келушілерден де осыны талап етсе, онда бұл кеселдің бізді айналып өту мүмкіндігі көбейе түседі»,- деп бастаған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Света Рамазанова және топ мүшелері осындай сын сағатта тазалықты сақтауға шақырды.

Мониторингтік топ жаңа қаулыға сәйкес дәмханалардың қызмет ету уақыты қысқартылғанын жеке кәсіп иелеріне ескертті. Сонымен қатар дәріханаға да барып, індетпен күресуге қажетті дәрілердің қорын сұрады.

  • Өзіңіз білетіндей бұл күнде антибиотиктердің сан түрлісі бар. Қымбаттарының ықпалы да зор болатын шығар. Дегенмен біздей шағын кәсіпкерлерде ондай қаражат бола бермейді. Қазірдің өзінде осы шағын дәріханамда бірнеше миллионның дәрісі бар. Дәрілерді қаладан алуда өзіндік қиындықтар болып жатады. Кейде қоймада болмайды, келесі барғанда сұрағаның табылып жатады дегендей. Жалпы қай препараттың да бір айлық қорын алуға тырысамыз. Көпшілік тұтынатын дәрілер қоры бар,-деп сендірді дәріхана иесі Гүлнар Шарипова.