30.10.2020, 11:36
Қараулар: 261
ШТАБ ЖҰМЫСЫ

ШТАБ ЖҰМЫСЫ

Коронавирустық індеттің алдын алу мақсатында құрылған жедел штабтың тағы бір отырысы өткен жұма күні қабылданған облыстың бас санитарының қаулысына арналды. Онда тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Света Рамазанова осы қаулы негізінде ірілі-ұсақты отбасылық жиындарды, мерейтойлар мен садақаларды, өзге де жиындарды өткізуге болмайтынын айтты. Осы ретте кәсіби мерекеге арналған жоспарларды да шегере тұруға кеңес берді. Сонымен қатар қаулы талаптарына сай әр мекемеде санитарлық нормалар сақталып, тепловизорлардың қажеттілігі туындап тұрғандығын жасырмады.

  • Штат кестесінде отыздан астам қызметкер болса, ұжымның 50%-ын қашықтықтан қызмет етуге жіберу шарт. Қашықтықтан қызмет етуге негізінен елуден асқан қызметкерлерді шығарған абзал,-деді ауданымыздың бас санитары.

Штаб төрағасы Нұрлан Рахымжанов шекаралас елде бұл ауру белең алғаны көңілге қорқыныш ұялататынын айтып, тиісті тапсырмаларды берді.

Коронавирусты қой терісін жамылған қасқыр дерсің. Жай ғана тұмау боп келіп, алқымнан алатынын қайтерсің. Бұл мәселе айта-айта жауыр да болған шығар, дегенмен, саулық сақтықта қағидасы алдағы бірнеше уақытқа өзгермейтін секілді. Бастысы мүмкіндігінше аурудың алдын алайық.