30.10.2020, 11:31
Қараулар: 326
ЗЕЙНЕТКЕ ҮЛКЕН ҚҰРМЕТПЕН

ЗЕЙНЕТКЕ ҮЛКЕН ҚҰРМЕТПЕН

Ұзақ жылдар бойы Ұялы округінің басқарып, аянбай еңбек еткен Бақытжан Оразғұловты аудан әкімдігінде әріптестері зор құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.

Еңбек жолын ән-күй пәнінің мұғалімдігінен бастаған Бақытжан ағаның қызметтегі кәсіби дағдысына, өзі мал дәрігері болғанымен өнерден қол үзбей, саясаттың да тізгінін бір уыста ұстай білгенін айтқан аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбек Аққалиев, жылдар бойы қоян-қолтық қызмет еткен Т.Масин ауылдық округінің әкімі Меңдібай Қитанов біраз естеліктерімен бөлісіп, шын ықыласын білдірді.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов  Бақытжан Аманғалиұлының еліне деген адалдығы, қызметіне жауапкершілігі үшін ризашылығын білдіріп, ағамыздың иығына зерлі шапан жауып, аудан энциклопедиясының жаңа шығарылымын сыйға тартты.

Өз кезегінде сөз алған Бақытжан Оразғұлов еңбегін елеген әріптесіне алғысын білдірді.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар