20.10.2020, 12:20
Қараулар: 278
Цифрлық хабар таратуға көшу — заман талабы

Цифрлық хабар таратуға көшу — заман талабы

 

 

Бүгінде өмірімізді негізгі ақпарат көздерінің бірі болып табылатын теледидарсыз елестету қиын. Телехабар тарату саласы заман талабына сай жаһандық өзгерістерге ұшырауда. Яғни  телевизия келбеті толығымен өзгермек.

Мұны Қазақстанның әрбір азаматы түсінеді. Заманауи өркениеттің жаңалықтарын қабыл алып, өміріңізді ыңғайлы, әрі «жетілдіре» ете түсу бір бөлек. Ал  қарқыны қатты технологиялық прогреске үрке қарап,  технологияның қазіргі тенденциясын жоққа шығарып, одан аулақ болу басқа әңгіме.  Кез келген жаңа үрдіс, соны құбылыс адамзатқа нақты пайда әкелмейінше, қорқыныш пен сенімсіздік тудыратыны белгілі.

Аналогтық телехабар таратуды цифрмен ауыстыру — бұл әлемдік процесс, және Қазақстан «цифрлық» кеңістікті қарқынды дамытуда. 2012 жылдан бастап ел халқының 89% -дан астамы цифрлық форматқа көшті.

Қазақстандықтар «цифрдың» артықшылықтарына баға беріп қойды, әрі ол түсінікте де.  Десе де, алдымен аналогтық хабар тарату жүйесінің неліктен ескінің сарқыншағына айналғанын анықтап көрейік.

Аналогтық сигнал сыртқы әсерге тәуелді, кейде хабар жоғалып кетуі мүмкін, оны антенаның көмегімен ұстап алуға болады. Мұндай телехабар тарату жүйесінің кемшілігі — сигналдың  әлсіздігі сурет пен дыбыс сапасының нашарлауына әкеп соқтырады. Нашар ауа-райында — жел, жаңбыр, найзағай кезінде- сигнал нашарлайды, және көрермен кескінді бұрмаланған дыбыс, немесе мүлдем дыбыссыз алады. Хабар тарату сапасына телестанцияның қамту аумағы да әсер етеді. Сигнал көзі мен теледидар арасындағы арақашықтық неғұрлым алыс болса, соғұрлым оның сапасы нашарлайды.

Бұрын аналогтық теледидар цифрлық телевизия пайда болғанға дейін телехабар таратудың жалғыз әдісі болатын. Ол аналогқа қарағанда жоғары қорғаныс пен сапалы сигналға ие, әрі қабылдау қашықтығы анағұрлым ұзақ. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрерменге өзінің бастапқы түрінде, шу мен бұрмаланусыз, тіпті шалғай орналасқан елді мекендерге де жете алады.

Цифрлық телевизиялық хабарды дамыту қол жетімді бағдарламалардың санын көбейтеді, интерактивті хабар таратуды енгізіп, халыққа қосымша қызметтер ұсынады. Бұл, сонымен қатар, халықты көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз етуге, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға қол жеткізіп, теледидар бағдарламаларының бейнесі мен дыбыс сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Бұл жаңа дәуірдің пайда болу сәті, әрі біз осындай таңғажайып өзгерістің куәсі ғана емес, тарихи процестің белсенді қатысушылары болып табыламыз.