15.10.2020, 12:15
Қараулар: 474
ЭССЕ ЖАЗЫП, СЫЙ АЛДЫ

ЭССЕ ЖАЗЫП, СЫЙ АЛДЫ

Ұстаз әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Оларды құрметтеу, еңбегін бағалау шәкірт парызы. Осы бір мәртебелі мамандық иелерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Бөрлі мәдениет үйі қызметкерлері «Ұстаз — дана, ұстаз — дара» атты эссе жазудан онлайн-байқауын жариялаған еді. Шарты бойынша оған ауылымыздағы Мәдина Бегалиева атындағы орта мектептің 16-35 жас аралығында шәкірттері өз жұмыстарын жолдауға құқылы еді. Бір қуанарлығы, шараға оқушылармен қоса, студенттер де, тіпті мұғалімдеріміз белсене қатысты.

  • Шындығы сол, әр эссэде үлкен өмірге бағыттаған апайларына деген шәкірттерінің ыстық ықыласы есіп тұрды. Оны оқып отырып, жаныңда жүрген ауылдасыңның еңбегі осындай үлкен бағаға ие болғанына шексіз риза болады екенсің. Кейбіреулерінен езуге күлкі үйірер жағдаяттарды, өмірлік сабақ болар жайттарды оқыдық,-дейді байқау қазылығында болған мәдениет үйі директоры Айнұр Әбдірешева.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, байқау болған соң оза шапқан да, қалыс қалған да болары заңдылық. Сөйтіп, бас жүлде 15 мың теңге өзі де ұстаздық таңдаған  М.Бегалиева атындағы мектептің саз мұғалімі Әскер Жапаевқа бұйырды. Ал, жүлделі І орын 5 мың және ескерткіш сыйлығымен осы мектептің химия пәнінің мұғалімі Мейіргүл Мушақаева табысталды. Өз қатысушыларға грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

Әсел АЙТҚАЛИЕВА,

мәдениет үйінің әдіскері

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар