15.10.2020, 12:02
Қараулар: 406
ЕРАСЫЛ ЕРЛЕДІ

ЕРАСЫЛ ЕРЛЕДІ

 

Ұялылық Ерасыл Сатыбалдиев «Менің Отаным — Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слетінің республикалық кезеңінде жүлделі үштіктен табылды.

«Өлкетану» блогы бойынша қатысқан Ерасылдың  3 D элементтерін қолдана отырып дайындаған «Туған өлкенің тарихы» атты жұмысы жоғары бағаланған. Онда Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің шәкірті Шынар Байғуатованың жетекшілігімен Ұялыдан хан Жәңгірдің  еліне барған экспедициясы хақында баяндап, өлкеміздің бай тарихынан сыр шерткен. Көрерменнің назарын құм арасындағы тарихи орынға аударып, оның маңыздылығын айшықтады. Сөйтіп, Ерасыл   республикалық кезеңде ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде еңбегін қорғап, 14 облыс ішінен жүлделі III орынды жеңіп алды.

 

Айшагүл ЕРҒАЛИЕВА,

аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі

және экология орталығының  әдіскері

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар