2.10.2020, 15:43
Қараулар: 95

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – демекші, ұстаздық мәртебелі мамандық десек жалған айтпаған боламыз. Себебі, әр адам мұғалім мектебінен өтіп, өмірге жолдама алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға екендігін атап өтті, білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін тиісті деңгейге көтеріп жалақысын өсіруге қатысты нақты тапсырмалар берді. Қазіргі уақытта ауданымыздың  18 мектебінде 2576 оқушыға 517 мұғалім тәлім беруде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келіп, ұстаздық жолын таңдаған жастар  бізді сөзсіз қуантады.

Қадірлі педагогтар!

Мұғалімге құрмет көрсету арқылы біз білімді терең меңгеріп, ғылымды игеруге жол ашамыз. Адамшылық қалыбымызды түзеп,  арман-мұратымызға жетеміз. Осы үшін де әр кез шәкірттік шынайы ықыласымызды білдіреміз.

Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ұлы істі атқарып жүрген жұмыстарыңызға абырой тілеймін! Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларыңыздың оқуда озат, өмірде патриот болуына тілектеспін! Мәртебелеріңіз асқақтап, абыройларыңыз арта берсін!

Қымбатты ардагерлер!

Ардақты ардагер ұстаздар!

Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.

Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі. Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені.   Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет.

Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілеймін!

 

                 Құрметпен,  Бөкей ордасы

ауданының әкімі

Нұрлан Рахымжанов

 

 

 

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар