24.09.2020, 16:24
Қараулар: 410
ЖАНҰЯЛАР ЖАРЫСТЫ

ЖАНҰЯЛАР ЖАРЫСТЫ

Отбасы күніне орай аудандық мәдениет үйінің алаңында спортсүйер жанұялар арасында сайыс ұйымдастырылды.

Аталмыш сайысқа Еркешев, Бисембаев және Омаровтар отбасы қатысып, өзара сайысқа түсті.

Жалпы отбасылық сайысқа қатысушылар доппен кедергілерден өту, клюшкамен доп ойнау, мергендер сайысы және командалық асық ойынынан бақ сынасты.

Жарыс қорытындысында, Омаровтар отбасы «Спортсүйер жанұя», Ерекешевтер отбасы «Жігерлі жанұя» және Бисембаевтер отбасы «Мергендер отбасы» болып танылды. Барша қатысушылар диплом және заттай сыйлықпен марапатталды.

Темхар РАХМЕТОЛЛА