24.09.2020, 16:15
Қараулар: 476
ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҮЛГІЛІСІ МЕН БІЛГІРІ АНЫҚТАЛДЫ

ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҮЛГІЛІСІ МЕН БІЛГІРІ АНЫҚТАЛДЫ

 Халықаралық Отбасы күнінде  «Zoom»  қосымшасы арқылы ұйымдастырылған «Менің білгір отбасым» атты викториналық байқауға  Сайқын, Саралжын, Бисен және  ханордалық жанұялар қатысып, білімдерін ортаға салды.

Аталмыш шараны жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Мұратхан Нәбиғалиев өткізіп, отбасы құндылықтары жөнінде сұрақтарын қойып, қатысушылардың ой-пікірлерін  және тыңдады. «Мұндай сайысты «Zoom»  арқылы алғаш рет өткізіп отырмыз. Сондықтан қатысушыларымыздың әр қайсысын бөле-жармай, жеңімпаз деп танып, сый-марапатсыз қалдырмадық. Барлығы да ерекше белсенділік танытып, сауалдарымызға толыққанды жауап беруге тырысты» дейді сайыстың тізгіншісі Мұратхан Нәбиғалиев.

Отбасы күніне арналған тағы бір шара «Үлгілі отбасы» фотобайқауымен айшықталды. Бұл сайысқа  әр ауылдық округтен тоғыз  отбасы суреттерін жолдап, ел назарына ұсынған болатын. Байқаудың негізгі шартына сәйкес ең көп лүпіл жинаған жанұялар үздіктердің қатарынан орын алды. Олар 722 лүпіл жинап, І орынды қанжығаларына байлаған саралжындық Хамитовтар, 695 лүпілмен ІІ орыннан көрінген ханордалық Оңаевтар және 573 лүпілмен үштікті Төлеуғалиевтар жанұясы түйіндеді. Барша қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан сый-сыяпатқа ие болып, дипломдармен марапатталды.

Нұрай ТАУБАЙ

 

 

 

 

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар