24.09.2020, 15:32
Қараулар: 267
ҮМІТКЕРЛЕР ЕЛ АЛДЫНДА СӨЗ АЛДЫ

ҮМІТКЕРЛЕР ЕЛ АЛДЫНДА СӨЗ АЛДЫ

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының І  орынбасары Мейрамбек Аққалиев және партия праймеризіне қатысушы үміткерлер ауданымыздың Саралжын, Ұялы, Бөрлі, Бисен, Хан Ордасы және Мұратсай ауылдарына арнайы барып сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

-«Nur Otan» партиясы өз тарихында және елімізде алғашқы рет партия мүшелерін іріктеуді жаңа форматта праймериз түрінде өткізеді. Біз үшін бұл үлкен тәжірибе,-деді І орынбасар Мейрамбек Аққалиев.

Іссапар барысында қатысушы үміткерлер  өмірбаяндарымен қысқа да нұсқа таныстырып өтіп, сайланған жағдайда атқаратын немесе атсалысатын істерімен таныстырып өтті. Үміткерлер сайлауалды бағдарламарын атқарып отырған жұмыстарымен тығыз байланыстырған. Білім беру саласының қызметкері мектеп және балабақшаның жөндеу жұмыстарын, өнер саласының қызметкері мәдениет үйін жөндеп және бюст орнатуды айтса, шаруа қожалық иелері ауыл шаруашылығын арттыру мәселесіне басымдық берген екен.

Оған қоса праймеризге қатысушы үміткерлер тұрып жатырған ауылдарының өзекті мәселелерін көтеріп және сол мәселені шешуге бар үлесін қосатындарын айтып жеткізді. Мысалы, бөрлілік үміткер Айбарша Бейісова Тереңқұдық елді мекеніне ауыз су құбырын өткізу, Мұратсай ауылының кандидаты Қасым Есекешов Мұратсай су қоймасының қорын көбейту үшін су жеткізетін арналарға күрделу жөндеу жүргізіп, Жәнібек суармалау-суландыру жүйесі арқылы Ресейден келетін судың көлемін арттыру мәселесін көтеретінін айтып өтті.

Аудан көлеміндегі мәселені қозғаған үміткерлеріміз де болды. Соның бірі Бибігүл Жұмағұлова.

  • Көпшілікке белгілі жағдай, қазіргі уақытта Сайқын, Орда, Бисен ауылдық округтері жергілікті бюджет арқылы жағдайларын жақсартуда. Болашақта, ауданымызға қарасты барлық ауылдық округ аталмыш тәсілге көшеді. Ал бюджеттің көптеген бөлігін көтеретін кәсіпкерлер екені анық. Сондықтан, аудан бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту менің алғашқы мақсатым болып табылады,-деді Бибігүл Жұмағұлова.

Аталмыш үгіт-насихат жұмыстары аудан орталығында да ұйымдастырылды.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар