24.09.2020, 15:30
Қараулар: 41
БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Елдегі эпидемиялық төтенше жағдай бюджетке де ықпал еткені анық.  Бюджеттегі өзгерістер мен толықтырулар аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIV-I сессиясында қаралды.

Төтеннен туындаған жағдай қосымша қаржыны талап ететіні белгілі. Мысалы, төтенше жағдай режимінде халықтың коммуналдық қызметтерге ақы төлеуіне, қашықтан жұмыс жасаған мұғалімдердің электр жарығы, жылу жүйесі мен интернетінің шығынына мемлекет қаржысынан қаражат қарастырылды.  Бұдан бөлек мектептерге санитарлық құрал-жабдықтар алуға, дезинфекциялық тазалық жұмыстарын жүргізуге, электронды оқулықтар алуға да аз қаржы бөлінбеді. Бұл тек білім саласы бойынша қосымша шығындар.  Осындай және басқалай да өзгерістер аудандық мәслихат депутаттарының назарына ұсынылды.

Ел қалаулылары алдында аудандық қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина баяндама жасады. Бюджеттің кірістері мен шығысы, түсімдер мен трансферттер сомасына қатысты толыққанды есеп берілді. Бюджеттің кірісі 6 439 196 мың теңгені құраса, салықтық түсім  471 654 мың теңге. Бюджеттегі ірі өзгерістердің бірі деп қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға бөлінген қаржы кеміп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға бөлінетін мемлекеттік гранттарға бөлінген қаржы еселенген.

Аудан депутаттары ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджетіне енгізілетін толықтырулар мен өзгертулеріне қатысты ұсыныстарды бір ауыздан қолдады.

Ұлпан ЖАКИНА