24.09.2020, 15:29
Қараулар: 33
«ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ»

«ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ»

Қазақстан халқы тілдері мерекесі арналып аудандық мәдениет үйінде осы тақырыпта шара өтті. Онда Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли сынды әдебиетіміз бен мәдениетіміздің төрт бірдей тау тұлғаларының мерейтойларына арналған шаралар қорытындыланды.

Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева жұмысты карантин кезінде де тоқтатпай, қашықтан болса да, түрлі шаралар ұйымдастырған мәдениет саласының қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, оларды марапаттады.

Аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемдік жетекшісі  Ермек Жәрдемов марапаттың үлкені, яғни, ҚР  Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың   алғысхатына ие болды. Ал, аудандық кітапхана қызметкерлері Айсұлу Темрешева, Алтын Ерешова Қазақстан кітапханашылар одағының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісі тағылды. Кітапханашылар Гүлмира Ғайсина мен Айгүл Темірбаева облыстық мәдениет басқармасының алғысхатына ие болды.

Айтулы шарада ауданның тіл жанашырлары да мадақталды. Тарқатып айтсақ, аудандық «Орда жұлдызы» газетінің бас редакторы Ұлпан Жакина және Бисен ауылдық мәдениет үйінің директоры Екатерина Мөкешова,   М.Мәметова атындағы орта мектептің мұғалімі Айгерім Бекесовалар  облыстық тілдерді дамыту басқармасының  алғысхаттарымен  марапатталды.

Мерейтойларға орай өткізілген сырттай байқаулар, онлайн концерттер мен шолуларға қатысқан белсенділер де марапатсыз қалмады.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жоламан Сисенғалиев көркемсөз оқудан жеңімпаз танылған  Мұратсай ауылдық мәдениет үйінің көркем сөз шебері Гүлнұр Исатай мен Сайқын ауылдық әкімшілігінің жас маманы Шұға Мұқанғалиді марапаттады. Дәл осындай марапат саралжындық Қаламқас әжей Сахуоваға, сайқындық Жұлдызай Салимоваға, бөрлілі Жақсылық Зинешовқа, ордалықтар Айгүл Рамазанова мен Баубек Бисеновке жолданады.

Шара барысында аудан өнерпаздарының әсем әні мен рухты күйі кеш шырайын ашты. Рамазан Байбековтың орындауындағы «Ананың тілі» әні, Рауан Қажығалиев әуелеткен «Ұрпақтар үні» әні, Екатерина Мөкешева, Гүлнұр Исатай мен оқушы Ұлан Ғайнетдин оқыған көркем сөз және домбырашылар ансамбілінің орындауындағы «Жұмыр қылыш», «Сарыарқа» күйлері көпшілікке рух сыйлады.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ